Балалық арманына қолы жетті
Мемлекет тарапынан жұмыссыз жандарға берілетін қайтарымсыз гранттың игілігін көріп жатқан жерлестеріміз баршылық. Солардың қатарында Павлодар қаласына қарасты Атамекен кентінің тұрғыны 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған көп балалы ана Гүлдана Аханова бар.
Гүлдана Қабдулашимқызы ғаламтор арқылы қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндігі бар бизнес жобасына қатысып, 1 476 800 теңге көлемінде грант ұтып алған. Ол бұл қаражатқа заманауи мамандық Мобилография мен SMM саласына қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Сөйтіп ноутбук, айналы фотоаппарат, принтер, үстел, селфи таяқша, подставка, смартфонға арналған объектив және штативтың иесі атанды.

«Мен, декреттік демалыс кезінде балалық шақтағы арманымды жүзеге асырып, фотограф болудың алғашқы қадамдарын жасай бастадым. Бала тәрбиесімен бірге шығармашылық әлемге ден қойып, мобилография мен SMM салаларына деген қызығушылығымды арттырдым.
Бұл жаңа бағыттар маған шығармашылық тұрғыдан дамып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты», - дейді Гүлдана Қабдулашимқызы .
Қазіргі уақытта Гүлдана LoveStory түсірілімдерінен бастап, инфо-бизнес пен коммерциялық түсірілімдерге, трендтік REELS, fashion, YouTube үшін және әр түрлі шараларды таспалайтын ауқымды жобалармен айналысады.
Бұл күнде Гүлдана шығармашылық жолында елеулі жетістіктерге жетіп, әрбір түсіріліммен жаңа биіктерге қадам басты. Оның жұмысы тек кәсіби деңгейде ғана емес, жүректен шыққан өнер ретінде де жоғары бағаланады.
Енді ауыл тұрғындары кез-келген думанды той, салтанатты шара кезінде алыстан видеограф іздемейді. Өйткені, қастарында нағыз кәсіби маман жүр.
Гүлдана Аханованың айтуынша мемлекеттен берілетін қайтарымсыз грант кез келген тұрғындар үшін таптырмас мүмкіндік.
- Hits: 62
Қазақша
Русский
English