Павлодар облысының Ақсу қаласына қарасты Қалқаман кентінде тұратын Ботакөз Даухан 2019 жылы отбасымен Моңғолиядан қоныс аударған. Күйеуі Арғынбай қазір теміржолда істейді. Шекесі торсықтай бес ұлды өмірге әкелген ана, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның грантына қол жеткізгенге дейін жұмыссыз отырды.

Жұмыс істейтін де мүмкіндік болмады өйткені бір баласы науқас. Осы жазда оған жұмыспен қамту орталығынан Ұлттық жобаға қатысу туралы ұсыныс түскенде ойланбастан келісті. Тігін шеберханасын ашу әуелден арманы еді. Себебі, бойжеткен кезінен бері ине жібі қолынан түспеген. Анасынан үйренген тігін тігу Ботакөзге таңсық емес. Бизнестің негіздерін үйрететін оқудан өтіп сертификатын қолға алған Ботакөзге 1 476 800 теңге (400 АЕК) қайтарымсыз грант берілді. Оған тігін машинасын, үтік тағы да басқа қажетті құралдарды сатып алды.
«Екі үш айдан бері құрақ көрпе, көрпе жастық, бөстектің тысы секілді бұйымдарды тігіп жатырмын. Әлеуметтік желілерде жарнамам жоқ болғандықтан тапсырыс болмай жатыр. Әзірге мені білетін таныс, туыстардың сұранысын орындап жатырмын. Егер жеке шеберханам болса жарнамалауға болар еді», - дейді ісмер Ботакөз Даухан.
Қазір ол үйінің бір бөлмесінде жұмысын жалғатыруда. Егер жеке шеберханасы болса тапсырыстардың да көп болатынына сенімді. Кент тұрғындарына да жақсы болар еді. Ауылда тігін шеберханасы болмағандықтан тұрғындар қалаға шабады. Бұл қосымша шығын. Ботакөз жақында кенттің әкіміне барып орын жай сұрамақ ниетте. Шағын және орта бизнесті қолдауды Президенттің өзі де әр жолғы Жолдауында айтып келеді. Сондықтан, жергілікті жердегі шенділер өтінішін жерде қалдырмайды, - деп сенеді. Ал, нәзік жанды кәсіп иесінің арманы бес ұлдың артынан қыз тауып бар білгенін үйрету.
Павлодар облысындағы Ақсу қаласының ауылдық аймағына қарасты Мәмәйіт Омаров атындағы ауылда тұратын Қайырболат Азнабаев бала кезден офицер болуды армандаған. Есейген соң полицияға қызметке тұрып мақсатына жетті. Алайда, аяқ асты науқасқа шалдығып жас жігіт ішкі істер органдарына жарамсыз болып қалды.

Үшінші топтағы мүгедектікке шыққан Қайырболат екі жылдай жұмыссыз жүрді. Биыл кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба жайлы естіген соң бірден қатысуға шешім қабылдады. Себебі, бұндай бағдарлама жағынан хабары бар. Әкесі Нұртай Азнабаев 2021 жылы «Бастау Бизнес» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін оқып грант ұтқан. Қайырболат онлайн крус оқып сертификат алды да жобасын ұсынды.
«Бірінші легтен өте алмадым. Бизнес жоспарымда кемшіліктер болды. Сосын әкеммен ақылдасып кемшіліктерді түзетіп екінші легте өттім. Содан маған 400 АЕК мөлшерінде бір реткі қайтарымсыз грант берілді», - дейді кәсіпкер Қайырболат Азнабаев.
Қайырболат мал шаруашылығын таңдап қолдау қаржыға екі сиыр, төрт бұқа және бес бұзау сатып алды және оларға қора қопсы да салды. Биыл жазда Павлодар өңірінде жауын шашын көп болып шөп белуардан аса шықты. Ертіс өзенінің екінші айрығы саналатын Ақсу өзені Қайырболаттың малы орналасқан шаруашылығының іргесінен ағып жатыр. Тоғайда шөп аспа төк. Сондықтан биыл қыста павлодарлық шаруалар мал азығынан тарықпайды.
«Бала кезден ауылдық жерде өсіп қора ішінде жүргендіктен малға жақынбыз, былайша айтқанда тәжірибеміз бар. Оның үстіне әкемнің техникалары бар жем шөп әзірлеуге әзірше соны пайдаланамын», - дейді кәсіп иесі Қайырболат Азнабаев.
Қайырболаттың сүйікті жары екі баласы бар. Келешекте кәсібін кеңейтіп мал басын көбейтуді жоспарлап отыр. Олай болған жағдайды жайылымдық жер алуға мүмкіндік туады.
Павлодар облысы Ақсу қаласының ауылдық аймағындағы Береке ауылында тұратын Сүйінбай Бабархан кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның қатысушысы. Үшінші топтағы мүгедек азамат бұған дейін жұмыссыздар қатарын толтырып келген. Енді, оқудан өткен сетрификатын алып 400 АЕК көлемінде грантты ұтқаннан кейін жеке кәсіп иесі болып шыға келді.

Сүйінбайдың таңдаған бағыты мал шаруашылығы. «Малым жанымның садағасы – жаным арымның садағасы» деген нақылды жаттап өскен қазақ баласына кәсіптің жақыны мал болары сөзсіз.
Ол мемлекеттен берілген қаржылай қолдау ақшаға ірі қара мал сатып алды.
«Еңдігі табыс көзіміз осы мал болайын деп тұр. Өйткені, әйелім де жұмысқа жарамайды мүгедек. Үш баланы асырап отырмыз. Мемлекет осындай бағдарламаларымен көмектесіп жарылқап жатыр онысына рақмет.
Енді мал басын өсірсек деген ойымыз бар», - дейді кәсіп иесі Сүйіндік Бабархан. Сүйіндіктің жоспары да жоқ емес.
Келешекте ортаңқол шаруашылыққа айналып ауылдастарын ет сүтпен қанымдасам деген мақсаты бар.
Предлагаем вашему вниманию события, собранные в один Дайджест, которые открывают двери в яркую и насыщенную жизнь нашей Центра. Эти материалы расскажут о ключевых моментах, которые определяют нашу работу, ценностях и миссии. Каждый кадр — это уникальная возможность прикоснуться к нашей истории, событиям и достижениям.
В роликах вы увидите нашу ежедневную деятельность, важные встречи, успешные проекты и вдохновляющие истории участников. Они отражают не только нашу профессиональную деятельность, но и ту атмосферу, которая объединяет всех членов РЦ. Мы гордимся нашими инициативами и рады делиться ими с вами.
Приглашаем вас окунуться в этот мир через наши видео! Надеемся, что они помогут вам лучше понять нас, вдохновят на сотрудничество или просто вызовут улыбку. Приятного просмотра!
Дайджест
Павлодар облысы Ақсу ауылдық аймағындағы шағын ғана Сынтас ауылында құс өсіру кәсібі пайда болды. Елді мекенде мал бағып шаруасын дөңгелетіп отырғандар бар. Бірақ та, қаңқылдатып қаз ұстап құс өсірген ешкім жоқ еді. Биыл жаздан бастап Сынтаста шаруашылықтың бұл түрі де пайда болды. 52 жастағы ауыл тұрғыны Ермек Сүлейменов, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаға қатысып бизнес жобасын ұсынды. Әлбетте, Ермектің жобасы үйлестірушілер тарапынан бірден қолдау тауып 400 АЕК мөлшеріндегі қайтарымсыз грантты ұтып алды. Кәсіпкер бұл қаражатқа 500 бас құс және екі жүзден аса бройлер балапандарын алған.

«Кішкентай кезімізде анамыз үйде құс ұстайтын. Бала кезден бақтық қой сондықтан бәрін білеміз. Былайша айтқанда базовый тәжірибе бар. Сосын ойлай-ойлай келе осы құс шаруашылығымен айналысып көрейін деп шештім. Оның үстіне отырған жерімізде ыңғайлы ауылдың ең шет жағы. Мына жақ шабындық», - дейді кәсіп иесі Ермек Сүлейменов.
Дегенмен, ерекше күтімді қажет ететін тауық тұқымын сақтап қалу Ермекке оңайға соқпады. Өйткені, бройлер балапандары аса күтімді қажет етеді. Ол жалғызбасты еркек үшін қиынға түсті. Небәрі бір апталық қана балапандардың 70 пайызы ұзаққа бармай қырылып қалды. Қайта қаздар өсімтал болып шықты. Ресей елінен алдыртқан «линда» тұқымды ақ қаздар қазір жетіліп толысты. Бес жүз қаздан ит тартып кеткен бірлі жарым шығын болмаса басқалары дін аман. Жаңа жылға қарай сатылыпға шығарамын деп отыр.
«Балапанды күзде сана деген. Қаздар жақсы өсті. Енді қар түскеннен кейін бір екі аунаса союға жарап тұр. Қыста бәрін тапсырамын. Сосын келер көктемде қайтадан балапандар сатып аламын. Ендігі жылы қаздың басын мыңға жеткізбек жоспарым бар. Сонымен қатар, көмекшіге бір адамды жұмысқа алатын боламы», - дейді Ермек Сүлейменов. Ермек ІІ-топтағы мүгедек сондықтан көмекшісіз жұмыс өнбейтінін біледі. Қаз етіне Павлодарды айтпағанда Астанадан да сұраныстар бар көрінеді. Десе де Ермек, алдымен көршілері мен ауылдастарына басымдық беремін деп отыр.